×

Оңтүстік Корея Қазақстан азаматтарын жұмысқа қабылдай бастайды

Employment permit System жүйесі заңды түрде жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді

 Дастан Жұмабекұлы 11.01.2024 | 17:55
Фото: Тим Франко

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Корея Республикасы Еңбек және жұмыспен қамту министрлігінің өкілдері онлайн пішінде келіссөздер жүргізіп, Қазақстанды Оңтүстік Кореяның Employment permit System жүйесіне енгізу мәселесін талқылады.

Бұл жүйе Қазақстан азаматтарына Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмысқа орналасуға, сондай-ақ оларға тең еңбек жағдайлары мен құқығын қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Кездесуге Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев, Халықаралық ынтымақтастық және интеграция департаментінің директоры Саадат Асансеитова мен Корея Республикасы Еңбек және жұмыспен қамту министрлігі шетелдік жұмыс еңбегі жөніндегі басқармасы директорының орынбасары Мюнг Сунг Хон қатысты.

Асқарбек Ертаев кездесуге қатысушыларға EPS жүйесі шеңберінде кореялық дайындық орталығын ашу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады. Қазақстанда EPS орталығын ашу мүмкіндігін талқылай отырып, еңбек көші-қоны шеңберінде екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін білдірді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама