×

Ресейден Қостанайға темекі өнімдерін заңсыз жеткізген шетелдіктер сотталды

ҚМА ескерту жасады

 Динара Амантай 11.01.2024 | 15:59
Фото: видеодан скриншот

Ресейден Қостанайға темекі өнімдерін заңсыз жеткізген шетелдіктер сотталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті 2022 жылдан бастап қазірге дейін Ресейден Қостанай қаласына Қазақстан аумағында айналымға тыйым салынған тиісті таңбалаусыз және салық төлеусіз құрамында никотин бар вейптерді, темекі қоспаларын және темекі шегетін электрондық құрылғыларды әкелген шетел азаматтары А.Б. Рябчиков пен Г. В. Лейкиннің қылмыстық іс-әрекетін әшкереледі. Олар темекі құрылғыларын Қазақстанға акциздік және қосылған құн салығын төлемей, халық тұтынатын тауарлар түрінде кіргізген.

Заңсыз әкелінген акцизделетін өнім облыс аумағында және еліміздің көршілес облыстарында сатылған. 35,2 млн теңгеге вейптердің ірі партиясын әкеліп, өткізу кезінде аталған азаматтар ұсталды, – деді ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Сот үкімімен А.Б. Рябчиков пен Г.В. Лейкин айыпталған әрекеттері үшін кінәлі деп танылып, айыппұл төлейтін болды.

ҚМА ел аумағында темекі бұйымдары мен құрамында никотин бар сұйықтықтарды сатуға тиісті салықтар төленген және осы тауар үшін міндетті таңбалау болған жағдайда ғана рұқсат етілетінін ескертеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама