×

Алматыда алғаш рет теннистен ATP 250 турнирі өтеді

Almaty Open жарысының жүлде қоры 1 млн АҚШ долларынан асады

 Дастан Жұмабекұлы 11.01.2024 | 15:05
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (AТP) Алматыда ATP 250 турнирін өткізу туралы шешім қабылдады. Бұл жарыс әуелі Астанада өтетін болған. Енді АTP сайтында жарияланған күнтізбеге сәйкес, Almaty Open 2024 жылғы 13-20 қазан аралығында өтеді.  

Алматы АТР 250 сериясымен өтетін турнирді қабылдау құқығына заңды түрде ие болып отыр. Өйткені өткен ғасырдың 20-жылдары осы қалада Қазақстан теннисі дами бастады, – деді Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов.

ATP 250 турнирі әлемнің 30 елінде ұйымдастырылады. Бұл сол елдердің басты спорт жарысының бірі саналады.

ATP 250 санатына 40 турнир кіреді. Онда жеңімпаз атанған теннисшілер ATP тізмінде 250 ұпайға ие болады.

Алдағы Almaty Open ATP турнирінің жүлде қоры 1 млн АҚШ долларынан асады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама