×

Елорда сақшылары LRT тіректері маңындағы жол қозғалысы ережесін түсіндірді

Кей жерде қоршаулар алынып тасталған

 Еркеғали Болатұлы 11.01.2024 | 13:56
фото: Halyq Uni

Астанада LRT тіректері аймағына кіруді шектеу, сондай-ақ кейбір учаскелерде кері бұрылуға тыйым салу жоспарланып отыр. Бұл туралы елордалық ПД әкімшілік полиция басқармасы хабарлады.

Астаналықтар қалада салынып жатқан LRT тіректері астында жол қозғалысы ережелерінің жоқтығына шағымданды. Бағандардың тұрғанына көп болды. Кей жерде қоршаулар алынып тасталған. Енді астаналықтардың бағандар астындағы және араларындағы жол кеңістігінде өз қалауы бойынша жүргені айтылған. Кейбір учаске автотұраққа айналса, басқа жерлер кері бұрылу үшін пайдаланылады.

Азаматтардың мұндай әрекеті жол қозғалысы ережелерін бұза ма және сол үшін оларға айыппұл салынуы мүмкін бе, белгісіз. Tengri Auto тілшісі мән-жайды түсіну үшін полиция департаментіне хабарласып көрген.

Ведомсво мәліметінше, Астана LRT жобасы бойынша жұмыстардың аяқталмауына байланысты жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша схема негізінде «Кедергіні айналып өту», «Жол жұмыстары», «Максималды жылдамдықты шектеу» ақпараттық-көрсеткіштік белгілері орнатылған.

Жоба шеңберінде тиісті жол белгілерін («Кедергіні айналып өту») орната отырып, әрбір тіректің периметрі бойынша бордюр тастардан, төсеніштерден және көрінетін қоршаулардан жасалған LRT тіректер аймағынан жүру бөліктерін ажырату, сонымен қатар, ұлттық стандартта көзделген тәртіппен тіректерді тік жол белгілерімен белгілеу бойынша ұсыныстар енгіздік. Бұл шаралар LRT тіректерін айналып өтуге рұқсат етілген қозғалыс бағыттарын қамтамасыз ете отырып, жүргізушілерді бағдарлауға мүмкіндік береді. Тірек аймағына кіру шектеледі, - делінген Tengri Auto редакциясының ресми сұрауына жауапта.

Сондай-ақ полицейлер LRT тіректері бар көшелерде жүру тәртібін реттеу үшін тоқтау және олардың қиылысына тыйым салатын үздіксіз жол белгілеу желілері қарастырылғанын хабарлады. Осылайша, осы учаскелерде бұрылуға да тыйым салынады.

Аталған көше учаскелерінде жол қозғалысын ұйымдастыру жол қозғалысының қауіпсіз жағдайларын көздейтін бекітілген жобаға сәйкес, оның ішінде жолдардың жүріс бөлігінің ортасында LRT тіректерінің орналасуын ескере отырып қабылданады, - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама