×

Астана әуежайы ескерту жариялады

7 рейс кешігіп жатыр

 Дәурен Ерболат 10.01.2024 | 15:34
Фото: Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана халықаралық әуежайы ескерту жариялады, деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

10 қаңтарда ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жарияланды.

Бүгін сағат 14:00-20:00 аралығында желдің жылдамдығы 22 м/с-дан 27 м/с-ға дейін жетуі мүмкін. Мұндай ауа райында әуе рейстері тоқтатылуы немесе кешігуі мүмкін. Қазір әуе айлағында қалың қар жауып, желдің екпіні 15 м/с-ға жетті, - деп жазылған хабарламада.

Бүгін елорда әуежайында 75 рейс жоспарланған. 7 рейс техникалық себепке байланысты кешігіп жатыр. Ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстердің кешігуі немесе шегерілуі тіркелмеді.

Әуеайлақты қардан тазарту жұмысы үздіксіз жүріп жатыр. Оған 10 арнайы техника жұмылдырылды.

Рейстер туралы ақпаратты nn-airport.kz ресми сайтынан және 8(7172)702-999 нөмірі арқылы білуге болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама