×

Бейбіт Жукаев Australian Open турнирін жеңіспен бастады

Теннисші ширек финалда жеңіске жетті

 Дастан Жұмабекұлы 10.01.2024 | 14:42
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Теннисші Бейбіт Жукаев Аустралия ашық чемпионатының іріктеу турнирін жеңіспен бастады. Ол іріктеу сайыстарының ширек финалында дүниежүзілік рейтингте 511-орында тұрған аустралиялық Николас Кикермен кездесті.

Бірінші партияда Жукаев қарсыласын 6:1 есебімен, екінші сетте 6:4 есебімен жеңіп, келесі айналымға шықты. Матчта Қазақстан теннисшісі 10 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.

Мачтың өзі 1 сағат 18 минут болды. Енді Бейбіт Жукаев іріктеу турнирінің жартылай финалында әлемнің 99-ракеткасы, франциялық Хьюго Гастонмен ойнайды. Қазір спортшы әлемдік рейтингте 188-орында келеді.

Аустралия ашық чемпионатының іріктеу турниріне тағы екі теннисшіміз қатысады. Денис Евсеев рейтингте 169-сатыда тұрған Украинаның 26 жастағы споршысы Виталий Сачкомен ойнаса, Тимофей Скатов Халықаралық теннис федерациясының тізімінен 154-орынды алып отырған 31 жастағы босниялық Дамир Джумхурмен кортқа шығады.

Денис Евсеев – әлемнің 184-ракеткасы, ал Тимофей Скатов рейтингте 226-орында тұр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама