×

Украина әскері Белгород облысына тағы шабуыл жасады

Өңірдің 3 ауданы мен орталығы атыстың астында қалған

 Дастан Жұмабекұлы 10.01.2024 | 10:23
Фото: Белгород қаласының мэрі Валентин Демидов

Украина Қарулы күштері тағы да Ресейдің Белгород облысын атқылады. Атқылаудан Белгород облысында 3 адам жарақат алып қалды. Бұл туралы «Новости» ақпарат агенттігі хабарлады.

Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладковтың айтуынша, Украина әскері өңірдің 3 ауданы мен облыс орталығын 35 снарядпен атқылаған. Соның кесірінен 1 әйел мен 2 ер адам зардап шеккен. Олар ауруханаға жатқызылған. Бұған дейін атқылаудан Журавлевка, Нехотеевка, Разумное, Дубовское, Стрелецкий, Тавровский, Крутологский селолары мен Белгород қаласындағы үйлердің терезелері қираған. 15 автокөлік жанып кеткен.  

Украина желтоқсан айының соңынан бері Ресейдің атқылауларына жауап қайтарып келеді. Украина Қарулы күштерінің 30 желтоқсандағы шабуылынан Белгородта 25 адам қаза тауып, 100-ден аса адам зардап шекті.

2 қаңтарда жасалған шабуылда 1 адам ғана көз жұмған. Осыған байланысты Белгород облысының тұрғындары губернаторға балалардың өміріне алаңдап, басқа облыстарға көшіру туралы ұсыныс айтты. Облыс басшысы оларды Липецк, Тула мен Пенза облыстарына көшіруге уәде берді. Ал Украина әскері шабуылды одан әрі жалғастыратынын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама