×

Шетелдік инвесторға кедергі келтірген салық органының қызметкері жауапқа тартылды

Ол импортталатын тауардың жіктелуін дұрыс анықтамаған

 Динара Амантай 10.01.2024 | 09:57
Фото: gov.kz

Павлодар облысында салық органдары француз инвесторына кедергі келтірген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бас прокуратура мен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ (Task Force) бірлескен жұмысы шеңберінде 2018 жылдан бастап Павлодар мұнай-химия зауытында сутектерді өндіру жөніндегі жобаларды іске асыратын Air Liquide француз инвесторының проблемасы анықталды. Аталған француз компаниясы – өнеркәсіп, денсаулық сақтау және экология үшін газ өндіруде әлемдік көшбасшы.

Павлодар облысының салық органдары инвестордың атына 99,8 млн теңгеге ҚҚС және кедендік баж төлеу туралы хабарламаны заңсыз енгізген. Инвесторға импортталатын тауардың жіктелуін дұрыс анықтамаған. Прокуратураның қадағалау актісі бойынша 3 күн ішінде хабарлама жойылды. Жол берілген бұзушылық үшін Павлодар облысы мемлекеттік кірістер департаментінің лауазымды қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Жалпы, бүгінде прокурорлар инвесторлардың 85 проблемалық кейсін шешті. Бұл жұмыс жалғасып жатыр және Бас прокуратура басшылығының ерекше бақылауында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама