×

Елордадағы «Нұр-Сұлтан» вокзалының атауы өзгереді

9 өңірдегі вокзалдар мен станциялардың атауы өзгертілгелі жатыр

 Еркеғали Болатұлы 09.01.2024 | 16:52
фото: bangkokbook.ru

Астанадағы «Нұр-Сұлтан» және «Нұрлы жол» теміржол вокзалдарының атауы өзгертілмек.

Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, теміржол вокзалдары мен жолдар қайта аталсын. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, темір жол станциялары атауларының транскрипциясы өзгертілсін, – делінген қаулы жобасында.

Атауы өзгертілуге тиіс станциялар мен жолдар төмендегідей:

Ақмола облысы бойынша

  • «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС филиалының «Нұр-Сұлтан» теміржол вокзалының атауы – «Ақмола филиалы» РМК «Астана вокзалы» атауына;
  • «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалының «Нұрлы жол» теміржол вокзалының атауы – «Ақмола филиалы» РМК «Нұрлы жол» вокзалы атауына.

Жетісу облысы бойынша

  • «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС 13-филиалының атауы – «Алматы филиалы» МКҚК-нің «Ақши темір жол трасса» атауына.

Қызылорда облысы бойынша

  • «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Қызылорда бөлімшесінің №26 теміржол вокзалының атауы – «Батыс» Жетітөбе темір жол станциясы атауына.

Маңғыстау облысы бойынша

  • «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-нің Маңғыстау бөлімшесі – «Батыс» №1 темір жол өткелі «Күйкен темір жол өткелі» атауына;
  • «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-нің Маңғыстау бөлімшесі – «Батыс» №10 темір жол өткелі «Боздақ темір жол өткелі» атауына;
  • «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-нің Маңғыстау бөлімшесі – «Батыс» №460 темір жол өткелі «Сарға темір жол өткелі» атауына;
  • «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС филиалы Маңғыстау бөлімшесінің «Опорная» темір жол вокзалы – «Батыс» Боранқұл темір жол станциясы атауына.

Атырау облысы бойынша

  • «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Маңғыстау бөлімшесінің «Толтыр» темір жол өткелі – «Батыс» Майкөмген темір жол өткелі атауына.

Ақмола облысы бойынша

  • «Джалтыр станциясының» атауы – «Жалтыр станциясы» атауына;
  • «Қосшеку станциясының» атауы – «Қосшоқы станциясы» атауына.

Маңғыстау облысы бойынша

  • «Сай-Өтес станциясының» атауы – «Сайөтес станциясы» атауына;
  • «Узень станциясының» атауы – «Жаңаөзен станциясы» атауына.

Батыс Қазақстан облысы бойынша

  • «Уральск станциясының» атауы – «Орал станциясы» атауына.

Жамбыл облысы бойынша

  • «Құмшағыл станциясының» атауы – «Құмшағал станциясы» атауына;
  • «Сүрім станциясының» атауы – «Сұрым станциясы» атауына.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама