×

Қазақстан чемпионатында Бақбергенова мен Сыздықова белдеседі

Әзірше ел қоржынында Олимпиадаға екі лицензия ғана бар

 Дастан Жұмабекұлы 09.01.2024 | 16:38
Фото: instagram.com

1-5 ақпан аралығында Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында ересектер арасында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан чемпионаты өтеді. Онда Шымкент, Алматы, Астана қалалары мен 17 облыстың балуандары бақ сынайды.

Ел чемпионатында бірінші және екінші орын алған балуандар Қырғыз елінде өтетін екі бірдей дүрмекті додада ел намысын қорғайды. Олар Олимпиаданың іріктеу лицензиясы мен Азия чемпионатына барады.

Қазақстан чемпионатында Жәмила Бақбергенова мен Эльмира Сыздықова белдеседі. Осы екеуінің біреуі Олимпиадаға лицензиялық турнирге қатысады.

Былтыр күрестен Қазақстан құрама командасы екі лицензия алды. Азамат Дәулетбеков (еркін күрес) пен Нұрсұлтан Тұрсыновта (грек-рим күресі) Париж Олимпиадасының жолдамасы бар. Әзірше қоржынымызда екі жолдама ғана. Бұл – аз, әрине.

Енді отандастарымыз грек-рим күресінен 5, еркін күрестен 5 және әйелдер күресінен 6 жолдама алуы керек. Сонда Париж Олимпиадасына күрестен Қазақстан құрамасы толық құраммен бара алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама