×

Астанада көпқабатты үйден шыққан өрттен 7 адам құтқарылды (ВИДЕО)

Өрт сағат 9:58-де «Будапешт» тұрғын үй кешенінің 10-қабатындағы пәтердің ас үйінен шыққан

 Дастан Жұмабекұлы 09.01.2024 | 15:54
Фото: instagram.com

Бүгін Астанада өрт сөндірушілер Қабанбай батыр даңғылында орналасқан «Будапешт» тұрғын үй кешенінде болған өрттен 7 адамды құтқарып, ажалдан аман алып шықты. Олардың арасында 3 бала да болды.

Өрт сағат 9:58-де «Будапешт» тұрғын үй кешенінің 10-қабатындағы пәтердің ас үйінен шыққан. Онда жиһаз бен үйдің басқа да заттары өртенген. Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментіне өрт туралы хабарлама келгенде 28 өрт сөндіруші оқиға орына барып, тілсіз жауды ауыздықтаған. Өрт сөндіруге 7 техника жұмылдырылды.

Тілсіз жау 10:32-де оқшауланып, сағат 10:35-те толық сөндірілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама