×

ШҚО-да бір жылда алимент бойынша 457 млн теңге өндірілді

87 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды

 Динара Амантай 09.01.2024 | 12:00
Коллаж: egemen.kz

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы балалардың құқығын қорғау және алимент бойынша берешек сомасын азайту мақсатында түсіндіру және шектеу шараларын қабылдап, жұмыссыз борышкерлерді жұмысқа орналастырып жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Уәкілетті органдармен бірлескен жұмыс пен тығыз өзара іс-қимыл нәтижесінде 2023 жылы 457 млн теңге көлемінде қарызды өндіріп алуға мүмкіндік туған.

Кәсіпкерлермен келісім бойынша 18 бос жұмыс орын жәрмеңкесі ұйымдастырылып, нәтижесінде жұмыстары болмауына байланысты алимент төлемеген 119 борышкер жұмысқа орналастырылды. Сондай-ақ алиментті қасақана төлемейтіндерге қатаң шара қолданылып жатыр.

Атап айтқанда, алимент төлеуден жалтарған 87 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 5 борышкерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тағы 73-і өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырау жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – делінген прокуратура хабарламасында.

54 борышкердің көлікті басқару құқығы уақытша шектеліп, 208 борышкердің шетелге шығуына уақытша шектеу қойылды.

Бұл шаралар 238 кәмелетке толмағандардың құқығын қорғап, көптеген борышкер балаларын асырау үшін өз еркімен қаражат төлей бастады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама