×

ІІМ Салтанат Нүкенованы өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс тергеуі аяқталғанын растады

Тараптар қылмыстық іс материалдарымен таныса бастады

 Халық үні 09.01.2024 | 07:20
фото: әлеуметтік желіден

Ішкі істер министрлігі Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлады Kazinform.

Астана қалалық полиция департаменті С.Нүкенованы өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады, - деп мәлім етті министрліктен.

Сонымен қатар ведомство «Гастроорталық» директорына қатысты қылмыстық істі тергеу жұмыстарының аяқталғанын атап өтті.

«Тараптар қылмыстық іс материалдарымен таныса бастады», - деп нақтылады ведомстводан.

Бұған дейін Салтанат Нүкенованың отбасының қорғаушысы Жанна Уразбахова бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу аяқталғанын мәлім еткен еді. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама