×

Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу аяқталды

Мұндай қатыгездік пен салқынқандылықты бұрын-соңды көрген емеспін, дейді қорғаушы 

 Халық үні 08.01.2024 | 20:50
Фото: Sputnik / Болат Шайхинов

Салтанат Нүкенованың отбасының қорғаушысы Жанна Оразбахова өзінің Instagram-дағы парақшасында экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу аяқталғанын хабарлады. 

Өткен аптаның соңында бізге Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы хабарланды. Қазір іс бойынша жүргізілген барлық сараптамамен таныстық. Қылмыстық істің материалдарын толық көрдім, - деп жазды адвокат.

Қорғаушы қазір өлімінің мән-жайын айта алмайтынын жеткізген.

Менің мұндай істер бойынша тәжірибем жеткілікті, бұрын кісі өлтіру істеріне қатыстым, бірақ тіпті сарапшылардың қорытындысы мені таң қалдырды, мұндай қатыгездік пен салқынқандылықты бұрын-соңды көрген емеспін, - деп жазды Жанна Оразбахова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама