×

Қарағандыда жолаушыдан 146 келі марихуана мен 94 келі гашиш тәркіленді

Есірткі Шудан жеткізілген

 Дәурен Ерболат 08.01.2024 | 17:35
Фото: polisia.kz

Қарағандыда полиция 146 келі марихуана мен 94 келі гашиш тәркіленді, деп хабарлады Polisia.kz.

Қалалық ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімі Алматы – Екатеринбург тас жолында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді.

Түнгі сағат 03:30 шамасында полиция қалаға жақын маңдағы ауылдардың бірінің маңында жеңіл көлікті тоқтатқан. Оны 38 жастағы жүргізуші басқарған. Көлікте 41 жастағы жолаушы болған. Автокөліктің Жамбыл облысының Шу қаласынан келе жатқаны анықталды.

Көлікті тексеру барысында одан ірі көлемде есірткі табылды. Сараптама автокөлікте 146 келі марихуана және 94 келі гашиш болғанын дәлелдеді.

Күдіктілер қамауға алынды. Полиция тергеуді бастады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама