×

БҚО-да 14 мектеп директоры жауапқа тартылды

Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне прокурорлық қадағалау актісі енгізілді

 Динара Амантай 08.01.2024 | 16:26
Фото: gov.kz

БҚО-да 14 мектеп директоры жауапқа тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының прокуратурасы жүргізген талдауда кәмелетке толмаған оқушылардың білім беру мекемесінің қабырғасында (14 мектептің информатика кабинеттерінде) тыйым салынған интернет-контенттерге еркін қол жеткізу фактілері анықталды.

Яғни, мониторинг барысында кәмелетке толмағандардың әртүрлі суицид пен зорлық-зомбылық көріністері бар сайттарға еркін кіру мүмкіндігі белгілі болған.

Осылайша, жол берілген бұзушылықтар үшін облыстың білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. Оның нәтижелері бойынша Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 409-бабы 7-2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке 14 мектеп директоры тартылды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Бүгінде ауданның барлық білім беру мекемесінде осындай интернет-сайттарға кіруге шектеулер қою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама