×

Анна Данилина WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды

Қазақстан теннисшісі словакиялық Виктория Хрунчаковамен бірге жеңіске жетті

 Дастан Жұмабекұлы 08.01.2024 | 09:55
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Жаңа Зеландияның Окленд қаласында өткен WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды.

Данилина жарыстың екінші ракеткасы болып тіркеліп, словакиялық Виктория Хрунчаковамен бірге финалда чехиялық Мария Боузкова мен америкалық Бетани Маттек-Сандсты жеңді.

Бірінші партияда Данилина мен Хрунчакованың дуэті қарсыластарынан 6:3 есебімен басым түсті. Екінші сетте тай-брейкте Чехия мен АҚШ-тың жұбы 7:6 (7:5) есебімен есе қайтарды. Одан кейін супер тай-брейкте Данилина мен Хрунчакова 10:8 есебімен жеңімпаз атанды.

Осылайша, Анна Данилина жаңа жылдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама