×

Бір тәулікте елімізде 63 адам құтқарылды

ТЖМ ескерту жасады

 Динара Амантай 08.01.2024 | 09:20
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Бір тәулікте елімізде 63 адам құтқарылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушылар мен өрт сөндірушілер өткен тәулікте 138 рет шығу жасады. Оның 69-ы өрттер мен жану оқиғаларына, 69-ы іздестіру, апаттық-құтқару және басқа да жұмыстарға шықты. Бұл ретте 63 адам құтқарылып, эвакуацияланды.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дабылды ескертулерді, ауа райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама