×

Еліміздің 2 облысында жолдар жабылды

Автожолдарды күтіп ұстауға 391 техника және 686 қызметкер жұмылдырылды

 Динара Амантай 06.01.2024 | 14:01
фото: express-k.kz

2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Абай облысында 1 учаске:

  1. «Алматы – Өскемен» автожолында 615-683 шақырым, Жетісу обл.шек. – Таскескен а. дейін.

Жетісу облысында 2 учаске:

  1. «Үшарал – Достық» 84-184 шақырым, Көктұма бек. – Достық бек. дейін – 100 шақырым;
  2. «Алматы – Өскемен» автожолында 557-615 шақырым, Үшарал қ. – Абай обл. шек. дейін – 58 шақырым.

Сондай-ақ, Үшарал – Достық республикалық маңызы бар автожолдың Көктұма – Достық станциясы аралығында көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Шектеу көліктің барлық түріне қолданылады.

Қазір республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 391 техника және 686 қызметкер жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама