×

Германия теннисшісі Қазақстан азаматтығын алды

Соня Жиенбаева Алматы қаласында туған

 Дастан Жұмабекұлы 05.01.2024 | 11:50
Фото: https://t.me/RRaketkasi

Германияның бұрынғы теннисшісі Соня Жиенбаева Қазақстан азаматтағын алды деген дерек шықты. Бұл туралы Telegram-дағы Рыбакинаның ракеткасы арнасы хабарлады.

Соня Жиенбаеваның жасы 17-де. Ол 2006 жылы 2 шілдеде Алматы қаласында туған. Анасы – қазақ, әкесі – неміс.

Бала кезінде Соня Жиенбаева отбасымен Германияға көшкен. 2022 жылы ол жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингте үздік 30 теннисшінің қатарына кірді. Алты рет ITF Juniors жарысының жеңімпазы атанды.

Теннисші Қазақстанды ешқашан ұмытқан емес. Өйткені оның Алматыда туыстары көп. Ол әрқашан Қазақстан азаматы атанып, тарихи Отанының намысын қорғауды армандап келді, – делінген Рыбакинаның ракеткасы Telegram-арнасында.

Жиенбаева Германия жасөспірімдер құрамасының сапында Билли Джин Кинг кубогының ширек финалына шыққан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама