×

Халық қолма-қол ақша талап етіп отырған кәсіпкерлерге жаппай шағымдануда

Үш ай бойы түрлі адамнан 100 төлемнен аса қабылдаған адамға бастапқыда ескерту жасалады

 Халық үні 05.01.2024 | 08:50
Фото: Halyq Uni

Биылдан бастап Қазақстанда мобильді аударымдар тексеріледі, осыған байланысты көптеген дүкендер карталар мен аударымдарды қабылдаудан бас тартып отыр, төлемді тіпті QR код арқылы қабылдаудан да қашқақтай бастады, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарна ақпаратынша, жаңа ереже күшіне енгеннен бері санаулы күндердің ішінде халық дүкендер мен кәсіпкерлердің үстінен жаппай шағымдана бастаған.

Десе де төлемнің басқа түрі бола тұра, тек қолма қол ақша сұрау — заңсыз деп отыр салықшылар.

Жеке тұлға өзінің банк картасынан айына 100 адамнан мобильді аударым алып отырса және бұл үдеріс үш ай қатарынан қайталанса, онда бұл азаматқа қатысты салықты бақылау жүргізіледі.

Егер той болса, бұл азамат той істегені туралы нақты ақпаратты, түсіндірмені берсе болады. Үш ай қатарынан той жасамайтын шығар, – дейді Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі Айнұр Сартаева.

Оның сөзінше, ең тынышы сарапшылар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, белгіленген салық мөлшерін төлеуі керек. Ең әуелі бұл ретте тұтынушының құқығын ескеру қажет. Үш ай бойы түрлі адамнан 100 төлемнен аса қабылдаған адамға бастапқыда ескерту жасалады. Одан кейінгі үш айда жағдай тағы қайталанса, 150 мыңға жуық айыппұл салынады. Сондықтан кірістер комитеті қазірден клиенттің төлеген ақшасын жеке шотқа емес, кәсіпкерлік мақсатта ашылған есепшотқа қабылдауы жөн екенін ескертеді.

Экономист Бауыржан Ысқақ айналдырған екі-үш айда қай кәсіпкердің болсын бизнесі құрдымға кетері сөзсіз деп топшылап отыр.

Қазір мобильді аударым қабылдамаймыз. Міне, карточкамен төлем жасаса болады, болмаса QR-код арқылы. 100 аударым туралы естідік. Нақтысын әлі түсінбедік. Бірақ елдің дүрлігіп жатқанын білеміз. Салық төлеуден жалтармаймыз. Бірақ кішігірім ғана кофехана болғандықтан, қалтамыздың қағылмағанын тілеп тұрамыз, – дейді кофехана иесі Алексей Иванов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама