×

Дәмханадағы жарылыс: үйінділердің астынан үшінші адамның денесі табылды

Құтқару жұмыстарын қираған құрылымдар қиындатып отыр

 Динара Амантай 04.01.2024 | 17:15
Фото: видеодан скриншот

Орал қаласындағы дәмханада болған жарылыс салдарынан қаза тапқан үшінші адамның денесі табылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

БҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнында апаттық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Дегенмен құтқару жұмыстарын қираған құрылымдар қиындатып отыр. Ғимараттың зақымдалған бөліктері сол жерде жұмыс істеп жатқан құтқарушылардың өміріне қауіп төндірген.

Оқиға орнында ТЖД, полиция, жергілікті атқарушы органдар мен жедел медициналық жәрдем күштері – барлығы 190 адам және 50-ден астам техника жұмылдырылған. Оқиға орнында зардап шеккендер мен қаза тапқандардың туыстарына психологиялық көмек көрсетіледі.

БҚО ТЖД жедел штабында 8 (7112) 55-40-88 нөмірі бойынша жедел желі жұмыс істейді.

Еске сала кетсек, бұған дейін ТЖД күштері қираған құрылымның астынан 6 адамды құтқарған болатын. Оның 5-еуі медициналық мекемелерге жеткізіліп, 1 адам ауруханаға жатқызудан бас тартты. Сондай-ақ 2 адамның денесі табылған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама