×

Оралда болған жарылыстан дәмхананың сау тамтығы қалмады (ВИДЕО)

Ғимарат толық қирады

 Дәурен Ерболат 04.01.2024 | 09:56
Скрин видео

Оралдағы дәмханада жарылыс болды, деп хабарлады БҚО ТЖД баспасөз қызметі.

4 қаңтарда сағат 02:07-де 101 пультіне Сырым Датов көшесі 52 мекенжайында өрт шыққаны туралы ақпарат түскен. Алдын ала болжам бойынша екі қабатты RIZYQ дәмханасында газ жарылған. Салдарынан ауданы 110 шаршы метр болатын ғимараттың күлі көкке ұшқан. 25 шаршы метр аумақ өртенген.

Мамандар өртті түнгі сағат 02:40-та толық сөндірді. Оқиға орнында 39 өрт сөндірші мен 13 техника, 8 құтқарушы, жедел медициналық жәрдем бригадасының 18 маманы және 28 полицей болды.

Құтқарушылар үйінділерді тазартып жатыр.

Жарылыстан зардап шеккендер бар. Алайда олардың нақты саны әзірге белгісіз.

Зардап шеккендерге шұғыл психологиялық көмек көрсету үшін БҚО ТЖД штабында 8 (7112) 55-40-88 нөмірі бойынша жедел желі іске қосылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама