×

Оралдағы жойқын жарылыс: 2 адам қаза тапты

Жедел желі жұмысы ұйымдастырылды

 Динара Амантай 04.01.2024 | 11:07
Фото: видеодан скриншот

Оралда екі қабатты дәмханада жарылыс болып, салдарынан 2 адам қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оқиға орнында Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті, полиция, жергілікті атқарушы органдар мен жедел медициналық жәрдем күштерінен 110-нан аса адам және 30 техника жұмылдырылды.

Қазір ТЖД күштерімен қираған құрылымдардың астынан 6 адам табылып, құтқарылды. Оның 5-еуі медициналық мекемелерге жеткізілді, ал 1 адам ауруханаға жатудан бас тартты. Оқиға орнында 2 адам қаза тапты. Адамдардың жеке басы анықталып жатыр. Үйінділердің астында әлі де адамдар болуы мүмкін. Апаттық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, – делінген ТЖД хабарламасында.

БҚО ТЖД штабында 8 (7112) 55-40-88 нөмірі бойынша жедел желі жұмысы ұйымдастырылды.

Еске сала кетсек, бүгін түнде екі қабатты дәмхана ғимаратында алдын ала мәлімет бойынша газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан ғимарат құлап, артынша өртеніп кеткен еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама