×

Ресейде Украинадағы соғысқа қатысты жарлық шықты

Путин шетелдіктерге азаматтық беру туралы жарлыққа қол қойды

 Дастан Жұмабекұлы 04.01.2024 | 17:05
Фото: Александр Полегенько

Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы соғысқа қатысқан шетелдіктерге азаматтық беру туралы жарлыққа қол қойды.

Құжатқа сәйкес, Ресей әскері қатарында қызмет ету жөнінде кемі бір жылға келісімшарт жасасқан шетелдіктердің өзіне ғана емес, отбасына да азаматтық беріледі.

Сонымен бірге әскерден денсаулығы мен өзге де жағдайға байланысты босатылған шетелдіктер де Ресей азаматтығына қабылдау туралы арыз бере алады. Ал кеше Қырғыз Республикасында, керісінше, «Вагнер» жеке әскер компаниясының құрамында Украинадағы соғысқа қатысқан Бекназар Бөріғұл есімді азамат 5 жылға сотталды.

Ол былтыр тамыз айында ұсталған болатын. Қырғызстанның азаматы Ресейдің түрмесінде отырып, «Вагнер» құрамына кірген. Содан Қырғызстанға оралған ол 3 айдан кейін қамауға алынған.

2023 жылы мамырда Қырғызстанның 31 жастағы азаматы Асқар Қуанышбекұлы да «Вагнерге» қосылғаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ Жоғарғы сот істі қайта қарауға жіберген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама