×

Әмір Омарханов әлемдегі үздік 30 теннисшінің қатарына қосылды

Ол 58-ден бірден 28-сатыға көтерілді

 Дастан Жұмабекұлы 04.01.2024 | 14:22
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Теннисші Әмір Омарханов ITF-тің 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы рейтингінде әлемдегі үздік 30 теннисшінің қатарына қосылды.

Ол 58-ден бірден 28-сатыға көтерілді.

Даниал Рахматуллаев 115-тен 61-сатыға шықты. Виталий Зацепин – 85 (+71), Ілияс Маратұлы – 150 (+93), Заңғар Нұрланұлы 177-орынға (+105) табан тіреді.

Қыздар арасында Асылжан Арыстанбекова үздік елулікке (51-орын, +15) жақындады. Айя Нұпбай – 168 (+49), Полина Слепцова 176-сатыға (+52) орналасты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама