×

Енді кішігірім көлік апатына ұшыраған жағдайда өтемақыны тез алуға болады

Апат орнына полиция шақырудың қажеті жоқ

 Дәурен Ерболат 04.01.2024 | 10:42
Фото: Halyq Uni

Биыл 1 қаңтардан бастап қазақстандықтар кішігірім көлік апатына ұшыраған жағдайда сақтандыру полисін онлайн рәсімдеп, өтемақыны тез ала алады, деп хабарлады Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры.

Елімізде «Еурохаттама» іске қосылды. Ол оқиға орнына полицияны шақырмай, көлік апатын рәсімдеуге және компаниясынан өтемақыны тез алуға мүмкіндік береді. Ол үшін iOS және Android платформаларына арналған мобильді қосымшаларды жүктеп алу керек.

Талаптар төмендегідей:

  • Тек 2 көлік соқтығысқанда;
  • Көлік апатынан адамдар зардап шекпеген, үшінші адамның көлігіне зақым келмеген жағдайда;
  • Шығынның көлемі 1000 АЕК-тен аспаған жағдайда (369 200 теңге, 1 АЕК – 3 692 теңге).

Бұған дейін былтыр жол апатына түсіп қалғандар полиция шақырмай-ақ өтемақы ала алатыны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама