×

Атыраудағы жарылыс: күйік шалған бір адам көз жұмды

Қайғылы оқиға кеше болған

 Дәурен Ерболат 03.01.2024 | 16:28
Фото: osp.ru

Бүгін Атырауда газ жарылысынан зардап шеккен 5 адамның бірі қайтыс болды, деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.

Қаладағы тұрғын үйлердің бірінде газ жаралып, 5 адамды күйік шалған. Олардың бәрі – бір отбасының мүшесі.

3 ересек адам облыстық, ал 2 жасөспірім балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Бәрінің жағдайы ауыр болды. Бүгін 1965 жылы туған ер адам ауруханада көз жұмды. Қалған науқастардың жағдайы әлі де ауыр. Олар жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдай дәрігерлердің қырағы бақылауында, - деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетсек, кеше Атырауда тұрғын үйде газ жарылып, 5 адамды күйік шалған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама