×

Израиль әскері «Хезболла» кеңсесіне дрондармен шабуыл жасады

Бұл радикалды топтың РСЗО, дрондары, 10-12 мыңға жуық жауынгерді жұмылдыра алатын әлеуеті бар

 Еркеғали Болатұлы 03.01.2024 | 11:05
фото: AP Photo/ Bilal Hussein

Бейруттың оңтүстігіндегі ХАМАС қозғалысының қарамағындағы «Хезболла» кеңсесіне шабуыл жасалды. Израильдіктер дрондармен шабуыл жасап, жарылыс салдарынан 4 адам қаза тапты. Оның ішінде саяси бюро басшысының орынбасары Хамас Салех Әл-Арури мен «Аль-Кассам бригадасы» қозғалысының екі әскери командирі болған.

Бұл жайттан кейін Ливанның «Хезболла» қозғалысының мүшелері Израильдің жауап беруін және жазаланатынын ескертті.

Айта кетейік, ХАМАС қозғалысына қарағанда, «Хезболланың» құрылымы мен иерархиясы әлдеқайда айқынырақ және радикалды. «Хезболла» қозғалысы Ливанның саяси партияларының бірі болғанына қарамастан, Бейрутқа бағынбайтын өзінің қарулы күштері бар.

Бұдан бөлек, радикалды топтың әртүрлі және заманауи қару-жарағы, соның ішінде РСЗО, дрондар, 10-12 мыңға жуық жауынгерді жұмылдыра алатын әлеуеті бар.

Бұған дейін Израиль армиясы Газа секторындағы тактиканың өзгергенін мәлімдеген болатын. ХАМАС-қа қарсы күресте әскердің бір бөлігінің шығарылуы және сайлау барысын өзгерту туралы хабарланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама