×

Арыстанбек Мұхамедиұлы өзімен бірге айыпталып, 7 жылға сотталған төрт азаматқа қатысты мәлімдеме жасады

Олар бұған дейін «Алтын адамның» әлем мұражайларындағы көрмесі бойынша 7 жылға сотталған болатын

 Халық үні 01.01.2024 | 20:14
Фото: Halyq Uni

Ұлттық музейдің экс-басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы өзімен бірге айыпталып жатқан өзге төрт азаматқа қатысты осындай пікірін білдірді. Қазір «Алтын адам көрмесі» мен «Дипломат» қонақүйіне қатысты істер біріктіріліп, жаңаша айыптау актісімен қаралуда, деп хабарлады КТК арнасы.

Айыпталушылардың қатарында экс-министрден бөлек Абай Сатыбалдин, Леонид Кочетов, Алмас Нұразхан, Азамат Көшенов пен Айым Сәдуақасова бар. Олар бұған дейін «Алтын адамның» әлем мұражайларындағы көрмесі бойынша 7 жылға сотталған болатын. Үкімі шығып қойған істің қазір «Дипломат» қонақүйіне қатысты іспен неге біріктірілгені барлығына беймәлім. Айыпталушылар істің мән-жайын біліп-тануға уақыт аз деп шағымдануда. Сондай-ақ осы сот отырысын өткізуге тиіс судьяның қандай себеппен ауысқаны белгісіз.

«Қазір сот болып жатыр. Отырған жігіттердің ешқайсының кінәсі жоқ. Ешқандай қылмыс, ешқандай ізі де жоқ. Былайша айтқанда, ешқандай фактісі де жоқ. Бәріне «Мұхамедиұлына сыйлық апарып бердіңдер» деп айтыңдар деген. Барлығы «ондай болған жоқ» дейді. Оларда намыс бар. «Айтпасаңдар, отырғызамыз» деді», - дейді айыпталушы Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама