×

Қазақстан ҰҚШҰ-ға төраға болды

Президент ұйым қызметі бойынша ерекше назар аударуды қажет ететін бірқатар басым бағытты ұсынды

 Динара Амантай 01.01.2024 | 11:36
Фото: m.123ru.net

Қазақстан 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҰҚШҰ-ға төраға болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

2023 жылдың 23 қарашасында Минскіде ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген құрамда өткен сессиясында президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҰҚШҰ-ға төрағалық ету міндеті Қазақстан Республикасына өтетінін мәлімдеген болатын.

Осыған орай, мемлекет басшысы Қазақстан төрағалығы кезінде Ұйым қызметі бойынша ерекше назар аударуды қажет ететін бірқатар басым бағытты ұсынды:

  • ҰҚШҰ-ның қауіпсіздік саласында мүдделі елдермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық орнату;
  • әскери ынтымақтастық мәселелері бойынша қарым-қатынас;
  • халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл бағытындағы ынтымақтастықты дамыту;
  • есірткі және психотропты заттардың заңсыз айналымына да қарсы күрес;
  • қару-жарақтың заңсыз айналымымен және трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтармен күрес;
  • төтенше жағдайлардың алдын алу және оның салдарын жою мәселелері бойынша ынтымақтастықты нығайту;
  • ақпараттық технология саласындағы қылмыстарға қарсы іс-қимылды жандандыру.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама