×

Бибісара Асаубаева әлем чемпионы атағын қорғай алмады

Ол турнирді 6-орынмен аяқтады

 Еркеғали Болатұлы 31.12.2023 | 17:31
фото: Спортты дамыту дирекциясы

Самарқандта (Өзбекстан) шахматтан блиц бойынша 2023 жылғы әлем чемпионаты аяқталды. Онда қазақстандық Бибісара Асаубаева Алматыда жеңіп алған былтырғы чемпиондық атағын қорғай алмады.

Әлемнің екі дүркін чемпионы Бибісара Асаубаева блиц бойынша әлем чемпионатының ең жоғары медалін үшінші рет таға алмады. 19 жастағы қазақстандық ойыншы 17 ойыннан кейін 11 ұпай жинап, турнирді 6-орынмен аяқтады, - деп хабарлады FIDE баспасөз қызметі.

Тағы бір жерлесіміз Меруерт Камалиденова Самарқандта (11 ұпай) 8-орынға табан тіреп, әлемнің үздік 10 шахматшы қыздарының қатарына енді.

Ал блицтен ресейлік Валентина Гунина әйелдер арасындағы жаңа әлем чемпионы (14 ұпай) атанды. Ал Александра Костенюк (Швейцария, 13,5) күміс, қытайлық Жу Цзиньер (12,5) қола жүлде иеленді.

Ерлер арасында 16 ұпай жинаған әлемнің ең үздік шахматшысы, норвегиялық Магнус Карлсенге тең келер ешкім болмады. Екінші және үшінші қатарда ресейліктер Даниил Дубов (15,5) пен Владислав Артемьев (15,0) тұр.

Норвегиялық гроссмейстер үшін бұл – Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатындағы екінші алтын медаль. 28 желтоқсанда ол рапид бойынша үздік атанды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама