×

Оксфорд университетінде өзбек тілі орталығы ашылды

15 қаңтарда алғашқы сабақ басталады

 Дастан Жұмабекұлы 27.12.2023 | 11:55
Фото: yuz.uz

Өзбекстан Республикасының Ұлыбританиядағы елшілігі әлемдегі ең көне оқу және ғылыми мекемелердің бірі – Оксфорд университетінің басшылығымен келіссөздер жүргізді.

Dunyo агенттігінің хабарлауынша, келіссөз кезінде Оксфорд университеті және Өзбекстанның жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары арасында академиялық ынтымақтастық орнату, Британ университеті жанындағы Wolfson College бағдарламалары негізінде мамандандырылған бағыттар бойынша мамандар даярлау мәселелері талқыланған.

Оксфорд университеті Birso`z орталығының директоры Лейла Наджафзодамен кездесуде осы оқу орнында өзбек тілін оқыту жобасын құру туралы келісімге қол қойылды.

2024 жылдың қаңтарында өзбек тілі сабақтары басталады. Оған әзірше 15 адам қатысады.

Өзбекстанның Ұлыбританиядағы елшілігі Орталықтың ғылыми базасын байыту мақсатында өзбек тілінде қажетті әдебиеттер мен оқу материалдарын жеткізеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама