×

Азияда Қазақстанның Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы үздік деп танылды

UWW-Asia атқару комитетінің мүшелері Астанада ересектер арасында өткен Азия чемпионатын бас бармақпен бағалады

 Дастан Жұмабекұлы 26.12.2023 | 15:43
Фото: Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы

Азия күрес федерациясы (UWW Azia) онлайн дауыс беру арқылы еліміздің Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясын Азиядағы үздік федерация деп таныды.

UWW-Asia атқару комитетінің мүшелері екі кезең бойынша өткен дауыс берудің нәтижесінде атақты балуан, қоғам қайраткері Дәулет Тұрлыханов басқаратын еліміздің Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясын осы мәртебелі атаққа лайық деп шешті.

Онлайн дауыс беруде UWW-Asia атқару комитетінің мүшелері 9-14 сәуірде Астанада Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының ұйымдастыруымен өткен ересектер арасындағы Азия чемпионатын бас бармақпен бағалады.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама