×

Қырымда Ресейдің «Новочеркасск» кемесі жарылды (ВИДЕО)

Украина кеменің түгелімен жойылғанын айтса, Ресей бір адамның қаза тапқанын мәлімдеді

 Дастан Жұмабекұлы 26.12.2023 | 12:32
Фото: crimea-news.com

Бүгін түнде Украинаның қарулы күштері Ресейдің десант тиеген «Новочеркасск» кемесіне шабуыл жасап, жарып жіберді. Кеме Қырымдағы Феодосий портында тұрған.

BBC-дің хабарлауынша, шабуылдан «Новочеркасск» десанттық кемесі жойылған. Ал Ресей БАҚ мәліметіне қарағанда, кеменің бір бөлігіне ғана зақым келіп, бір адам қаза тапқан. Бұл туралы Қырым Республикасының Ресей тағайындаған басшысы Сергей Аксенов айтты.

Бұдан бір күн бұрын Украина қарулы күштері Днепр өзенінің Херсон облысы жеріндегі сол жағалауында Ресей оккупациялық армиясының бір ротасын түгелімен жойып жіберді. Нақтырақ айтсақ, РФ әуе-десант әскерлері 337-полкының 1-штурм ротасы Херсон облысының Крынки ауданында толық жойылған.

Украина қарулы күштерінің бас штабы Марьинканың Ресейдің бақылауына өткені туралы хабарлады. Украина қауіпсіздік қызметінің Қара теңізде операция жасауға Sea Baby мен жаңадан жасалған «Мамай» суүсті дрондарын пайдаланатыны туралы да дерек шықты.

Бұл туралы «Суспильне» басылымы арнаулы қызметке сілтеме жасап хабарлады. Ақпаратқа қарағанда, жаңа дрон сағатына 110 шақырым жылдамдықпен жүре алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама