×

Атақты боксшы Серік Нұрқазов табылды

Спорт маманы аман-есен туыстарына тапсырылды

 Дастан Жұмабекұлы 26.12.2023 | 10:12
Фото: qaz365.kz, vecher.kz

Алматы қаласы Медеу аудандық полиция басқармасы 1959 жылы туған әйгілі боксшы Серік Нұрқазовтың аман-есен табылғанын хабарлады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, із-түзсіз жоғалған азаматтың мекен-жайын анықтау үшін арнайы іздеу тобы құрылды.

Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, атақты боксшы туыстарына тапсырылған.

Еске сала кетсек, Серік Төкенұлының хабар-ошарсыз кеткені туралы «Қоғам» жедел әрекет ету жасағының Instagram-дағы парақшасында жарияланған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама