×

Атақты боксшы 11 күннен бері Серік Нұрқазов табылмай жатыр

Ол 14 желтоқсанда Луганский көшесінде орналасқан үйінен шығып, сол күйі қайтып келмеген

 Дастан Жұмабекұлы 25.12.2023 | 11:45
Фото: qaz365.kz, vecher.kz

Атақты боксшы Серік Нұрқазовтың хабар-ошарсыз кеткені туралы мәлімет шықты. Бұл туралы «Қоғам» жедел әрекет ету жасағының Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

Серік Нұрқазов 1959 жылы 4 қазанда туған. 2023 жылы 14 желтоқсанда Луганский көшесінде орналасқан үйінен шығып, сол күйі қайтып келмеген. Ол сұр бас киім киген. Үстінде капюшоны бар көк күрте, ақ жемпір, қара джинсы болған. Шашы ақ, сақалы бар.  

Серік Төкенұлы Нұрқазов Қарағанды облысында туған. Ол – бокстан Қазақстанның және халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері. 1979 жылы КСРО халықтары Спартакиадасының күміс жүлдегері. 1983 жылы осы Спартакиаданың қола медалін иеленді.

1981 жылы Финляндияның Тампера қаласында өткен Еуропа чемпионатын жеңіп алған. 1983 жылы Болгарияның Варна қаласында Еуропа чемпионы атанған. Осы жылы Италияның Рим қаласында жалауы желбіреген Әлем кубогының күміс жүлдегері болған.

Боксшы 1979-1980 жылдары қатарынан КСРО чемпионатының күміс медалисі болса, 1983-1987 жылдары қола жүлдегер атағын жеңіп алған. Ал 1982, 1984, 1986 жылдары КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы атанған.

Серік Нұрқазов туралы мәлімет білетін адамдардың мына телефон номеріне: +7 702 712 79 22 немесе @kogam_almatу-ға хабарласуына болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама