×

Бүгін жылдың үздік спортшылары марапатталады

Салтанатты іс-шарада спорт саласына елеулі үлес қосқан мамандарға да сыйлық беріледі

 Дастан Жұмабекұлы 25.12.2023 | 14:44
Фото: olympic.kz

25 желтоқсанда елордадағы Президенттік орталықта 2023 жылдың қортындысы бойынша «Үздік» атты спортшыларды салтанатты жағдайда марапаттау іс-шарасы өтеді.

Рәсімде еліміздің абыройын асқақтатып, жеңіс тұғырынан көрінген спортшылар, спорт саласына елеулі үлес қосқан сала мамандары 16 түрлі «Үздік» номинациясы бойынша марапатталады.

Құрметті қонақтардың қатарында Мәжіліс депутаттары Дәулет Тұрлыханов пен Ардақ Назаров, спорт ардагерлері, белгілі жаттықтырушылар мен Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері Ермахан Ыбырайымов, Ольга Рыпакова, Юрий Мельниченко, Бақыт Сәрсекбаев, Болат Жұмаділов, Эльмира Сыздықова, Мұхтархан Ділдәбеков, Асхат Житкеев, Ислам Байрамуков болады. Сонымен бірге жиында әлем чемпиондары, халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, спорт журналистері де болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама