×

Тоқаев Қырғызстан президентін құттықтады

Мемлекет басшысы арнайы құттықтау жеделхатын жолдады

 Динара Амантай 25.12.2023 | 11:36
Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Садыр Жапаровты екі ел арасындағы Одақтастық қатынастар туралы шартқа қол қойылғанына 20 жыл толуымен құттықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

2003 жылғы шарт қазақ-қырғыз қарым-қатынастарының дамуында жаңа кезеңнің басталғанын білдіреді. Біздің көпжақты мемлекетаралық байланыстарымызды тиімді ілгерілету үшін берік шарттық-құқықтық негіз қаланды. Барлық деңгейдегі белсенді саяси диалог, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың қарқынды дамуы, сондай-ақ екі елдің халықаралық аренадағы тығыз ықпалдастығы – соның айқын дәлелі, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен күш-жігердің арқасында Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынастар одан әрі нығайып, екіжақты ықпалдастықтың орасан зор әлеуеті бауырлас халықтардың игілігі үшін қызмет ете беретініне сенім білдірді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама