×

Абай облысында мұз астына түскен баланың денесі табылды

Оның денесі құлаған жерінен 75 метр қашықтықта табылды

 Динара Амантай 23.12.2023 | 11:05
Фото: видеодан скриншот

Абай облысы Үржар ауданында мұз астына түскен баланың денесі табылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшсі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, баланың мұз астына түскенінен 3 сағат өткен соң, жергілікті еріктілер оның денесін тапқан. Баланы табу үшін қолмен ойықтар жасалды.

Баланың денесі құлау орнынан 75 метр қашықтықта табылды. Полиция департаменті марқұмның отбасына көңіл айтады және азаматтардан өз өміріне қауіп төндірмеуін және мұзға шықпауын сұрайды, – деді Үржар полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Ролан Оразғалиев.

Еске сала кетсек, бұған дейін Абай облысында 5 жасар бала мұз астына түсіп кеткенін хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама