×

Бүгін дзюдошылар ақшалай сыйлық алды

Азиаданың жүлдегері Әбиба Абужақынова  5 000 АҚШ долларына ие болды

 Дастан Жұмабекұлы 22.12.2023 | 17:55
Фото: Дзюдо федерациясы

Бүгін Қазақстан дзюдо федерациясы кезекті спорт маусымды қорытындылап, спортшыларды марапаттады.

Жиынға федерация президенті Қуанышбек Есекеев, ұйымның вице-президенттері, ұлттық құрама жаттықтырушылары мен спортшылары, Қазақстан жастар және жасөспірімдер құрама командаларының бапкерлер құрамы мен спортшылар, ғылыми-кешенді топ өкілдері қатысты, деп хабарлады Дзюдо федерациясы.

Жазғы Азия ойындарының жүлдегерлері Әбиба Абужақынова – 5 000 АҚШ долларын, Мағжан Шамшадин – 3 000$, Эсмигүл Куюлова – 3 000$, Абылайхан Жұбаназар – 3 000$, Нұрлыхан Шархан – 3000 доллар алды.

Жастар арасындағы әлем чемпионатының жүлдегерлері Жанарыс Рахметқали – 1500$, Талғат Орынбасар – 1500$, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы мен жүлдегерлері Нұрлан Исатаев – 1 000 000 теңге, Балғабай Досбол –  400 000 теңге, Сабина Юлдашбекова –  500 000 теңге, Оралбек Байзақ –  400 000 теңге, Берікбол Жұманбеков –  400 000 теңге мөлшеріндегі сертификаттарға ие болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама