×

Астанада жаңадан 15 Оқушылар сарайы ашылады

Олардың бесеуінің құрылысы келесі жылы басталады

 Динара Амантай 22.12.2023 | 17:00
Фото: Астана қ. әкімдігінің баспасөз қызметі

Астанада 2029 жылға дейін 15 Оқушылар сарайын салу жоспарланып отыр. Олардың бір бөлігінде бассейндер де болмақ. Бұл туралы ОКҚ брифингінде қала әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, олардың бесеуінің құрылысы келесі жылы басталады. Оқушылар сарайы елорданың барлық ауданында орналасады. Қазір жобалық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Жаңадан ашылатын 5 Оқушылар сарайы мына мекенжайларда орналасады:

  • Сарыарқа ауданы, Ақан сері және С-189 көшелері (Земляничная);
  • Алматы ауданы, Төлебаев және Бурабай көшелері;
  • Байқоңыр ауданы, Тайбурыл және Игілік көшелері;
  • Есіл ауданы, Түркістан және Бұқар Жырау көшелері;
  • Нұра ауданы, Айтматов және Мұхамедханов көшелері.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама