×

608 мыңнан аса адам қызылшаға қарсы екпе алды

Қазір эпидемиологиялық жағдай тұрақты бақылауда

 Динара Амантай 22.12.2023 | 11:15
Фото: facebook.com/MinzdravRK

Елімізде қызылшаның таралуына қарсы тиімді күрес мақсатында халықты қосымша жаппай иммундау шеңберінде вакцинациялауға жататын 1,5 млн адамның 608 мыңнан астамы вакцинацияланды, қамту 40,5% болды. Күн сайын 30 мыңнан астам адам вакцинацияланады, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

Бұдан әрі қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, бірқатар шара қабылданып жатыр.

Мәселен, қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинациялау жалғасуда. Жыл сайын 1 және 6 жастағы 700 мыңға жуық бала егіледі (ДДСҰ ұсынған кемінде 87,1% кезінде 1 жастағы балалардың 94,1%-ы және 6 жастағы балалардың 93,4%-ы қамтылды).

Сонымен қатар, эпидемиялық көрсеткіштер бойынша вакцинациялау жүргізіліп жатыр. Бұрын вакцинациялауды өткізіп алған және одан бас тартқан 133,3 мыңнан астам адам егілді.

Қызылша мен басқа да вакцинамен басқарылатын инфекциялардың профилактикасында вакцинациялаудың маңыздылығы туралы халықпен ақпараттық жұмыс жалғасып жатыр.

Қабылданған шаралардың арқасында қазір еліміздің көптеген өңірінде қосымша иммундаудың оң динамикасы байқалады. Мәселен, Маңғыстау, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Түркістан, Абай, Ұлытау облыстарында соңғы аптада қызылшадан қорғау мақсатында өз балаларын вакцинациялауда халықтың белсенділігінің артуы байқалады.

Қазір эпидемиологиялық жағдай тұрақты бақылауда, тұрақтандыру бойынша барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр.

Елдегі қызылша бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 5 жасқа дейінгі балалардың ата-аналарына қосымша жаппай иммундау шеңберінде қызылшаға қарсы вакцинация алуды, 5 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың ата-аналарына қызылшаға қарсы 2 екпе болмаған кезде, қуып жету вакцинациясы шеңберінде профилактикалық екпе алуды ұсынамыз. Профилактикалық екпе алу үшін тек жұмыс күндері ғана емес, демалыс күндері де тіркелген жері бойынша медициналық ұйымға жүгінуге болады, – делінген ведомство хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама