×

«Аграрлық несие корпорациясы» филиалы директорының бұрынғы орынбасары сотталды

Ол шаруа қожалығының басшысын алдау арқылы ЖШС-мен Ресейден мал сатып алу-жеткізу туралы шарт жасатқан

 Динара Амантай 21.12.2023 | 10:10
Фото: eldala.kz

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Ақтөбе филиалы директорының бұрынғы орынбасары алаяқтық әрекеті үшін сотталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі

ҚМА баспасөз қызметінің мәліметінше, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында шаруа қожалығы басшысының шетелден әкелінген 277 бас асыл тұқымды малды сатып алу үшін «Сыбаға» бағдарламасы бойынша несие желісін ашу туралы өтінішпен корпорация филиалына жүгінгені анықталды.

Оған 90 млн теңге көлемінде несие қаражаты бөлінді. Осыдан кейін сотталған азамат шаруа қожалығының басшысын алдау арқылы ЖШС-мен Ресейден мал сатып алу-жеткізу туралы шарт жасатқан, – деді ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Шаруа қожалығының басшысы есеп айырысу шотына 90 млн теңге аударған, бірақ бұл қаражатты корпорацияның Ақтөбе филиалы директорының орынбасары жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Ол 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама