×

Қазақстандықтар қаңтарда неше күн демалатыны белгілі болды

Үкіметтің қаулысында жазылғандай, 1, 2 қаңтар күндері – барлық қазақстандықтар үшін демалыс.

 Халық үні 20.12.2023 | 19:45
Фото: martebe.kz

Жаңа 2024 жылға арналған ресми демалыс күндері белгілі жарияланды.

Үкіметтің қаулысында жазылғандай, 1, 2 қаңтар күндері – барлық қазақстандықтар үшін демалыс.

2023 жылдың соңғы сенбі-жексенбісі 30 және 31 желтоқсанға сәйкес келеді. Осылайша, аптасына 5 күн жұмыс істейтіндер 4 күн қатарынан демалысқа шыға алады.

Содан кейін 3, 4, 5 қаңтар – жұмыс күні.

Ал 7 қаңтар – Рождество мерекесі жексенбіге түскендіктен, қосымша демалыс күні берілмейді. Сәйкесінше, 5 күн жұмыс істейтіндер 6, 7 қаңтарда әдеттегідей демалады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама