×

Мәжіліс депутаты «Қазсушар» басшысының кәсіби қабілетіне күмән келтірді

«Қазсушар» мекемесінің бюджет қаражатын игере алмай отырғаны айтылды

 Дәурен Ерболат 20.12.2023 | 13:55
фото: qazsu.kz

Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Наталья Годунова «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына аудит жүргізілгенін, нәтижесінде қомақты бюджет қаражатын тиімсіз жұмсау фактісі анықталғанын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Аудит шеңберінде Су ресурстары комитеті (АШМ және Экология министрлігі құрамында) және «Қазсушар» РМК-да шамамен 68 млрд теңге бюджет қаражаты және 693 млрд теңге активтерге тексеріс жүргізілді.

3 млрд 300 млн теңгеге заңбұзушылық, 56 млрд теңге болатын бюджет қаражатын және қарызды тиімсіз жоспарлау және пайдалану анықталды. Сондай-ақ (кәсіпорын) 2,5 млрд теңге экономикалық шығын келген және пайда табу мүмкіндігінен айырылған», - деді Наталья Годунова Мәжілістің жалпы отырысында.

Палата басшысының айтуынша, бүгінде бюджетке 1 млрд 700 млн теңге (51%) қайтарылған.

Әкімшілік айыппұлдар салынды. Құқық қорғау органдарына 4 материал берілді. Бір іс бойынша 5 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі сот үкімі шықты. Кәсіпорынға бюджет қаражатының айтарлықтай берілуіне қарамастан, барлық проблема су ресурстарын басқару жүйесіндегі жұмыстың тиімсіз ұйымдастырумен байланысты болып отыр, - деді палата төрағасы.

Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса «Қазсушар» РМК басшысының кәсіби қабілетіне күмән келтірді.

«Бізде ешкім еш нәрсеге жауап бермейді. Барлық мәселені кадр шешеді десек, «Қазсушардың» бірінші басшысының жыл сайын ауысуы да бағдарламалардың орындалуына кері әсер етеді. Қазақстандағы су саласында ең негізгі оператор – «Қазсушар» мекемесінің төрағасы болып, кешеге дейін бұрынғы басшының хатшысы болған қыздың («Қазсушар» РМК директорының міндетін атқарушы Асель Абилева туралы – авт.) қызметке тағайындала салуы бұл саладағы жағдайдың қалай құлдырағанын көрсетеді», - деді депутат.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама