×

Астанаға жеңіл атлетикадан әлем рекордшылары келе жатыр

Жеңімпазға 10 000 АҚШ доллары көлемінде бонус беріледі

 Дастан Жұмабекұлы 20.12.2023 | 13:07
Фото: olympic.kz

Келесі жылдың 27 қаңтарында Астанада Азия құрлығында алғаш рет жеңіл атлетикадан World Athletics Indoor Tour Gold 2024 аясында Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes халықаралық турнирі басталады, деп хабарлады Olympic.kz.

Бұл турнир 23 ақпанда Испанияның Мадрид қаласында аяқталады. Осы аралықта жеті турнир өткізіледі.

Тур қорытындысы бойынша әрбір дисциплинадан көп ұпай жинаған спортшы жеңімпаз деп жарияланып, 10 000 АҚШ доллары көлемінде бонус алады. Сондай-ақ оларға Шотландияның Глазго қаласында жеңіл атлетикадан жабық кешенде өтетін XXIV әлем чемпионатына жолдама беріледі.

Астанадағы турнирде әйелдер арасында 400 м, 60 м, 1 миль (1 609, 34 м), 60 м кедергілер арқылы, биіктікке секіру, ұзындыққа секіру, ерлер арасында 60 м, 60 м кедергілер арқылы, 3000 м, сырықпен секіру, ядро лақтырудан жарыс болады.

Турнирге сырықпен секіруден қазіргі әлем рекордшысы Арманд Дюплантис, 5 000 метрге жүгіруден әлем рекордшысы Гудаф Цегай, 200 метрге жүгіруден «Гауһар лигасы» финалының жеңімпазы, канадалық спринтер Арне де Грасс та қатысады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама