×

Табиғатты ластаған мекемелерге 10,7 млрд теңге айыппұл салынды

Облыстық прокуратура экологиялық заңнама талаптарының сақталуына талдау жүргізді

 Динара Амантай 20.12.2023 | 09:21
Фото: tengizchevroil.com

Атырау облысында табиғатты ластаған мекемелерге 10,7 млрд теңге айыппұл салынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық прокуратура табиғатты пайдалану субъектілері экологиялық заңнама талаптарының сақталуына талдау жүргізді.

Оның шеңберінде парниктік газдар квотасынан асып кету, эмиссияны экологиялық рұқсатсыз іске асыру, сондай-ақ рұқсат етілген шығарындылар нормаларынан асып кету және жердің ластану фактілері анықталды.

Енгізілген прокурорлық қадағалау актілерінің нәтижеcінде «Karabatan Utility Solutions» ЖШС және «Теңізшевройл» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Осылайша, прокуратура уақтылы қабылдаған шаралармен жоғарыда аталған компанияларды сот кінәлі деп таныды. Өндіріліп алынған айыппұл мөлшері – 10,7 млрд теңге.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама