×

Боран, көктайғақ: еліміздің үш өңірінде жолдар жабылды

Шектеу көліктің барлық түрлеріне қолданылады

 Халық үні 19.12.2023 | 21:53
Фото: Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Күн райының нашарлауына байланысты (жолды тазалау, қарлы боран, шектеулі көрініс, көктайғақ) 3 облыста республикалық маңызы бар автожолдың 4 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Жамбыл облысында - 1 учаске (79 км):

1.«Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 159-238 км, Кенен ауылынан – Қайнар ауылына дейін (Жаңа Қордай асуы) -79 км;

Жетісу облысында - 2 учаске (223 км):

1. «Үшарал-Достық» автожолының 84-184 шақырымы, Көктұма станциясынан Достық станциясына дейін – 100 км.;

2 «Алматы-Өскемен» а/ж 287-410 шақырымы, Талдықорған қаласынан Сарқант қаласына дейін.

Қызылорда облысында - 1 учаске (289 км):

1.«Самара-Шымкент» а/ж 1361-1650 шақырымы. Арал қаласынан Бостандық ауылына дейін 289 км;

Шектеу көліктің барлық түрлеріне қолданылады.

Республикалық маңызы бар автожолдарда 568 техника жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама