×

Залужныйдың жұмыс орнынан тыңдау құрылғысы табылды (ВИДЕО)

Оның орынбасарының кабинетінде де дәл осындай зат жасырылған

 Дастан Жұмабекұлы 19.12.2023 | 18:00
Фото: Ukraine Presidency / Ukraine Presi / Keystone Press Agency

Украина қарулы күштерінің бас қолбасшысы Валерий Залужныйдың жұмыс орнынан тыңдау құрылғысы табылды. Осы оқиғаға байланысты «РБК-Украина» басылымына берген сұхбатында ол тыңдау құрылғының кабинетінен емес, жұмыс істеуге баратын жерден табылғанын айтты.

Менің бірнеше жұмыс істейтін орным бар. Солардың бірінен құрылғы табылған. Мен ол жерде біраз уақыттан бері болмаған едім. Біз бәрін тексеріп, құрылғыны таптық, – деді ол.

Оның айтуынша, құрылғыны қарулы күштердің бас штабындағы адамдар қоюы мүмкін емес. Оны кімнің қойғаны тексеріледі. Содан кейін бәрі белгілі болады.

БАҚ өкілі Залужныйдан соғыс майданындағы жоспары туралы сұрағанда ол : «Бұл – соғыс. Елде соғыс болып жатыр. Мен сізге жоспарымды айта алмаймын. Егер бүкіл жоспарымды жайып салсам, бұл соғыс емес, шоу болады. Ал шоу болса, жау жоспарды пайдаланып, сарбаздарды қырып тастайды», – деді.

Ол тыңдау құрылғысының оның тағы бір орынбасарының кабинетінен де табылғанын айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама